Шымкенттік құтқарушылар демікпесі ұстаған жігітті шатқал басынан түсіріп алды

0
1 181

2016 жылы Сайрам-су шатқалында осы жігітті тікұшақпен құтқару операциясы жүргізілген.


Шымкенттік құтқарушылар демікпесі ұстаған жігітті шатқал басынан түсіріп алды

Шымкенттік Жедел құқару жасағы демікпе ұстамасының салдарынан қозғала алмай қалған азаматты Сайрам-су шатқалынан құтқарып алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылы 11 тамыз күні сағат 00.04-те жасақтың 5 құтқарушысы Төлеби ауданы Қасқасу елді мекенінен 15 шақырым жердегі Сайрам-су шатқалына демалуға шыққан 1990 жылы туған жігітті құтқару операциясына шыққан. Құтқарушылар сағат 04.40-та зардап шегушіге жетіп, оны шатқалдан түсіре бастаған және сағат 08.35-те жас жігітті жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Жағдайы орташа.

Айта кетейік, жас жігіт мұндай жағдайға екінші рет ұшырап отыр. 2016 жылы да Сайрам-су шатқалында осы жігітті тікұшақпен құтқару операциясы жүргізілген.