Шымкенттік медбикелерге шипажайларға жолдама табысталды

0
1 447

Шымкенттте үздік медбикелер "Халықаралық мейіргерлер күніне" орай марапатталды.


Шымкенттік медбикелерге шипажайларға жолдама табысталды

Бүгін Шымкентте 12-мамыр "Халықаралық мейіргерлер күніне" орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкенттегі Ш.Қалдаяқов атындағы филармония залында өткен салтанатты іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев қатыпсып, денсаулық сақтау саласына үлес қосып жүрген орта буында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетті.

Шара аясында "Ең үздің мейіргер", "Ең үздік акушер", "Ең үздік фельдшер" және "Ең үздік зертхана маманы" номинациясы бойынша қызметкерлер марапатталып, оларға қала әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.

"Осында жұмыс атқарып жүргеніме 2 жылдай болды, Әр жұмысқа түскенімде кемдегенде 4-5 баланың дүниеге келуіне атсалысамыз, Мамандығым менің мақтанышым. Сайысқа келетін болсақ, сайыс үш кезеңнен тұрды. Сайыс әділ өтті. Бүгінде тестілеуден сүрінбей өтіп "Ең үздік акушер" номинациясы маған бұйырып отыр. Осылайша мені марапаттаған әкімге алғысымды білдіремін", - деді Динара Нұрматова қалалық перзентхана акушері "Ең үздік акушер" номинацияның иегері.


Сондай-ақ, мереке аясында орта буын медицина қызметкерлеріне Алматы қаласындағы "Денсаулық" жипажайына 10 күндің төрт жолдама табысталды.

Айта кетейік, бүгінде Шымкентте денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің басым бөлігін мейіргерлер құрайды. Республика бойынша 175 мың орта буын медицина қызметкерлері еңбек етсе, соның 8500-ге жуығы Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде қызмет атқарады.