Шымкенттік полицейлер жоғалып кеткен 20 жасар жігітті тапты

0
879

20 жасар Ярослав үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.


Шымкенттік полицейлер жоғалып кеткен 20 жасар жігітті тапты

Шымкент қаласының Полиция қызметкерлері үш күн бұрын жоғалған жігітті тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Шымкент қаласы ПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, ағымдағы жылдың 5 қазанында үйден кетіп, қайтып оралмаған 20 жасар Банников Ярослав Дмитриевичті іздеп тапты. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

«Азаматқа қатысты ешқандай құқыққа қайшы әрекеттер орын алмаған. Полиция қызметкерлері онымен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізіп, туыстарына қайтарды», - делінген аталған хабарламада.