Шымкенттік шенеуніктер түрмеге барды

0
1 594

Қазір абақтыда жазасын күтіп отырғандардың 40-тан астамы бұрыңғы мемлекеттік қызметкер.


Шымкенттік шенеуніктер түрмеге барды

Шымкентте аудан әкімдері мен әкімдікке бағынышты басқармалардың басшылары жаппай абақтыға барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты айдан анық. Осылайша шенеуніктерге түрме туралы ескертіп, парамен достасқандардың алдында қандай жағдай күтіп тұрғандығын көрсеткендей.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық департаментінің басқарма басшысы Нариман Қасымбеков былай деп пікір білдірді:

- Былтыр бізде 60 факті тіркелді осындай жемқорлыққа қарсы іс, қылмыс, осындай жемқорлыққа қарсы ісқимыл жасаған. Шок қылу емес. Басты мақсат – осы жердегі жаңағы жағдаймен таныстыру және де қылмыс осындай жемқорлыққа қылмыстардың алдын алу.

Мегаполистегі төрт аудан әкімі мен олардың орынбасарлары, 22 басқарманың басшысы мен қызметшілері, барлығы 60-тан аса шенеунік түрмеге арнайы автобуспен жеткізілді. Түрменің ахуалымен таныстырған абақты бастығының өзі болды. Түрменің ұзын дәлізімен ертіп жүріп, камералар мен әр бөлімін көрсетілді.

Айта кету керек, бүгінде мұнда жазасын өтеп жатқан 490 адамның 40-тан астамы бұрынғы мемлекеттік қызметкер екен.