Шымкенттік спортшылар 11 айда 542 жүлде жеңіп алды

0
1 231

Қоржында 202 алтын, 167 күміс, 173 қола жүлде.


Шымкенттік спортшылар 11 айда 542 жүлде жеңіп алды

Шымкент қаласының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов қала әкіміне 11 айдағы нәтижелерді баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқарма басшысының айтуынша, Шымкент қаласының спортшылары 2020 жылдың 11 айында ҚР чемпионаттары мен біріншіліктерінде 542 медаль жеңіп алды: 202 алтын, 167 күміс, 173 қола жүлде.

Сондай-ақ, Азия чемпионатында 2 күміс, 3 қола, әлем чемпионатында 1 қола жүлдеге ие болды. Шымкентте 11 айда 8 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 62 ҚР спорт шебері, 158 спорт шеберлігіне үміткер спортшылар дайындалды.
Қаланың бас санитар дәрігерінің Қаулысына сәйкес, ұлттық құраманың және қаланың құрама командаларының жаттығу үрдісіне рұқсат беріліп, спортшылар дайындықтарын жалғастыруда.
Қазан және желтоқсан айлары аралығында 17 ҚР чемпионаттары өткізілсе, оның ішінде 12-і Шымкент қаласында ұйымдастырылды. Атап айтқанда, бокс, күрес түрлерінен, оқ ату, құзға өрмелеу, жүзу, ауыр атлетика, пауэрлифтингтен ересектер арасында ҚР чемпионаты өтті. Cондай-ақ, бокс, муай-тай, баскетбол спорт түрлерінен жастар және жасөспірімдер арасында ел чемпионаты ұйымдастырылды.