Шымкенттік студенттер арыз-шағымын «Сенім» жәшіктеріне қалдыра алады

0
1 987

Бұл шара сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін ұйымдастырылған.


Шымкенттік студенттер арыз-шағымын «Сенім» жәшіктеріне қалдыра алады

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттік жатақханаларына «Сенім» жәшіктері қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлық фактілерін зерттеу үшін «Adaldyq alanу» және «Jas Otan» Жастар қанатынан арнайы топ құрылып, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттік жатақханаларындағы «Сенім» жәшіктерін, жатақханалардың жағдайын, студенттердің тұруын, орналасуын және бөлме жағдайларын тексеріп қайтты.

Сондай-ақ, осы бастама аясында аталған ЖОО-ның 2058 студент тұратын 6 жатақханасына «Сенім» жәшіктері қойылған. Ол жәшіктерге әрбір студент өз ойын ашық түрде жазып қалдыра алады. Ондағы негізгі мақсат – жастар арасында сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

дереккөз: Жас Отан Шымкент