​Шымкенттік танкистер штаттық снарядтан оқ атуды орындады

0
692

Атыс дайындығы бойынша сабақтарға 15 экипаж тартылды.


​Шымкенттік танкистер штаттық снарядтан оқ атуды орындады

Еліміздегі ауқымды полигондардың бірінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы механикаландырылған бригаданың танк батальоны штаттық снарядтан бақылау оқ атуларын орындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Экипаждар Т-72Б танкінің 125-мм зеңбірегінен шартты қарсыластың бронды техникаларына не пайда болған және қозғалатын нысанаға штаттық снарядтан оқ атты.
Жаттығу шарты бойынша танкистерге үш штаттық артиллериялық оқ, сондай-ақ ПКТ пулеметіне 35 оқ беріледі. Атыс дайындығы бойынша сабақтарға 15 экипаж тартылды.
Сабақ барысында әскери қызметшілердің теориялық білімі мен практикалық дағдылары тексерілді. Сондай-ақ танк экипаждары оқ-дәрілерді тиеу, жауынгерлік машиналарды жорық жағдайынан жауынгерлік жағдайға ауыстыру, нысандарды барлау, «ПКТ» және «НСВТ» штаттық пулеметтерін бөлшектеу мен жинау, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нормативтерді орындады.
Атыс дайындығы механикаландырылған бригада танк батальонының командирі майор Руслан Қожағалиевтің басшылығымен өткізілді. Ол сабақ барысында Т-72Б танктері экипаждарының іс-қимылдарының үйлесімділігіне және кәсіби дағдыларына ерекше назар аударылғанын айтты.
- Танкистер бақылау ату жаттығуларын сенімді түрді орындап, жақсы баға алды. Ал атыс дайындығы бойынша сабақтар танк бөлімшесімен ұрыс жүргізудің барлық негізгі мәселелерін қамтитындай етіп жоспарланған, - деді батальон командирі.