Шымкенттік тұрғын 21 күндік курс оқып жиһаз шығаратын цех ашты

0
414

21 күндік «Бизнес бастау» оқу курсын аяқтап, сертификат алған соң, «жиһаз жасау ісі» бойынша комиссияға өз жобасын ұсынған.


Шымкенттік тұрғын 21 күндік курс оқып жиһаз шығаратын цех ашты

Шымкенттік тұрғын «Бизнес бастау» оқу курсын аяқтап, жиһаз шығаратын цех ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының тұрғыны Гүлжазира Рысқұлова мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдаланған кәсіпкерлердің бірі. Былтырғы жылдың шілде айында 21 күндік «Бизнес бастау» оқу курсын аяқтап, сертификат алған соң, «Жиһаз жасау ісі» бойынша комиссияға өз жобасын ұсынды. Нәтижесінде, жобасы мақұлданып 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грантқа ие болған.
Бөлінген қаражатқа керекті құрал-жабдықтарын сатып алып, қазіргі таңда тапсырысқа түрлі үлгіде жиһаздар жасауда. Айтуынша сұраныс көп. Төрт баланың анасы бұл жетістігімен шектелмей, алдағы уақытта жиһаз шеберханасын дамытуды жоспарлап отыр.
Жалпы, былтырғы жылы бағдарлама шеңберінде 4828 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді. «Бастау бизнес» жобасына 2820 адам жолданып, білім алған.
Мемлекеттік қолдау биыл да қарқынды жүзеге асырылуда. Биыл 600 адам грантқа ие болып, 1900 азаматқа «Бизнес бастау» оқу курсына жолдама берілді.