Шымкенттік зейнеткерлер белсенді өмір салтын насихаттап жатыр

0
557

Апта сайын қариялар Дендросаябақта спортпен шұғылданып, би билеп уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізеді.


Шымкенттік зейнеткерлер белсенді өмір салтын насихаттап жатыр

Шымкенттік зейнеткерлер белсенді өмір салтын насихаттауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы «Асыл жүрек» белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір сүруді насихаттап, олардың өмірге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында қызмет атқарады.
Бүгінде орталықта 445 зейнеткер түрлі қызмет түрлерін алуда. Апта сайын қариялар Дендросаябақта спортпен шұғылданып, би билеп уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізеді. Шет тілін меңгеріп жүргендер де бар. Одан бөлек, қолөнермен шұғылданып, орталықтағы кітапхананың тұрақты оқырмандарына айналған.
«Белсенді ұзақ өмір орталығы Шымкенттің зейнет жасына жеткен барша тұрғындарын қабылдайды. Қызмет алушылар орталыққа келгенде міндетті түрде бірінші дәрігерлік тексеруден өтеді. Апта сайын дендросаябаққа барып дене шынықтырумен және йогамен айналысады. Массаж, физиотерапия, фитобар, тұзды кеніш және өзге қызмет түрлері де қарастырылған», - дейді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова.