Шымкенттік жас өнертапқыш жаңа технология ойлап тапты

0
1 103

Жас ғалым суды, тұрмыстық және өндірістік үй-жайларды залалсыздандыруға арналған азон генераторын жасап шығарды.


Шымкенттік жас өнертапқыш жаңа технология ойлап тапты


Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің түлегі Азамат Қонысбай пандемия кезінде жаңа технология ойлап тапты. Ол суды, тұрмыстық және өндірістік үй-жайларды залалсыздандыруға арналған азон генераторын жасап шығарған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
- Озон генераторының құны 150 000 теңгені құрайды. Бұл санитарлық дезинфекция қызметін пайдаланудан шамамен 1 жылға есептегенде 25 есе арзан. Технологияны пайдаланудың құны арзан және дезинфекциялық жабдықты бірнеше рет пайдалануға болады. Оңай жөнделеді, қол жетімді, әрі тиімді, - дейді өз жұмысын қала әкіміне таныстырған Азамат Қонысбай.

Озон генераторының ерекшелігі дезинфекциялаудың ескі тиімсіз әдістерін алмастырып отыр. Бұл генератор қашықтан адамның араласуынсыз автоматты режимде жұмыс істейді.
Аталған технология елімізде тұрақты залалсыздандыру шараларында, медицина қызметкерлерінің арнайы киімдерін және адамдардың көп шоғырланатын орындарын дезинфекциялауда маңызды болып тұр.

Азамат Қонысбай ендігі кезекте технологияны қолданысқа ендіріп, патенттеуді қөздеп отыр.