​Шымкенттік жүргізушілердің жол ережесінде қайсысын ең көп бұзатыны анықталды

0
1 328

«Қауіпсіз жол!» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында жүргізушілер автокөлікті басқару кезінде 924 рет жылдамдықты асырған және 7 рет қарама-қарсы жолағына шыққан.


​Шымкенттік жүргізушілердің жол ережесінде қайсысын ең көп бұзатыны анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 2018 жылдың 14-16 қараша аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында 3 күндік «Қауіпсіз жол!» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Полицейлер іс-шара барысында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, автокөлік жүргізушілерін алкогольді ішімдік ішкен күйде жүргізіп жол ережесін, сондай-ақ жол қиылысындағы ережені бұзу, рұқсат берілген жылдамдықты жоғарылату, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолға шығу, жаяу жүргіншілер жол қиылысынан өтіп кету, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, сондай-ақ автокөлік жүргізушісінің телефон арқылы сөйлесу сияқты жол ережелерін бұзуға қатысты құқықбұзушылықтарды анықтау мен олардың алдын алуға баса назар аударуға бағытталды.

Іс-шараның 3 тәулігінде 2264 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, оның ішінде:

  • ұялы телефон пайдалану – 169;
  • жылдамдықты арттыруы – 924;
  • қауіпсіздік белдігін қолданбау – 154;
  • маневр жасау тәртібін бұзу – 20;
  • қарама-қарсы жолағына шығу – 7;
  • жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу –14;
  • жаяу жүргіншілерімен ЖЖҚ бұзу – 67;
  • техникалық байқаудан өтпеу –18 рет болған.

Дереккөз: Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі