​Шымкенттіктер 2023 жылы VIP-нөмірлерге 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсады

0
778

2022 жылмен салыстыратын болсақ, шымкенттіктердің VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 1 млрд 076 млн теңгеден асқан.


​Шымкенттіктер 2023 жылы VIP-нөмірлерге 1 млрд  теңгеден астам қаражат жұмсады

ERNUR.KZ. 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мамандандырылған ХҚКО-лар 4 мыңнан астам жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді.


Олар үшін көлік иелері 1 млрд 325 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған. 2022 жылмен салыстыратын болсақ, шымкенттіктердің VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 1 млрд 076 млн теңгеден асқан.


Еске сала кетсек, ҚазақстандаVIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы нгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.
2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып табылады. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (2024 жылы 210 444 теңге) құрайды.

VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте қазіргі уақытта төрт мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді.
2023 жылы қаланың мамандандырылған ХҚКО-ларында 300 мыңнан астам көлік тіркеліп, 100 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді.