Шымкенттіктер заңгерлер мен білікті мамандардан тегін көмек ала алады

0
2 491

​«Халықтық заңгер» жалпы республикалық акциясына шақырады.


Шымкенттіктер заңгерлер мен білікті мамандардан тегін көмек ала алады

Осы жылдың 30 қараша күні сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясы өтеді, деп хабарлайдыERNUR.KZ.

Акцияның мақсаты кез-келген құқықтық мәселе бойынша халыққа білікті тегін заң көмегін көрсету болып табылады.

Акцияға түрлі салалардағы 60-тан астам мамандар қатысады деп жоспарлануда. Атап айтқанда, Ұлттық Бюро, прокуратура, әділет, мемлекеттік кірістер, сот органдарының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың заңгерлері, кәсіби адвокаттар мен нотариустар.

Өтетін орны: «Көрме» орталығы, Шымкент қаласы, Астана даңғылы,12.