Әуежайдың болашақ иесі үшін бірқатар шарттар тағайындалады.
ERNUR.KZ. Еліміздегі үшінші мегаполистің әуежайы 5 234 000 000 теңгеге бағаланып отыр. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 8 қазанда аяқталады, деп жазды zakon.kz.
- Нысанның сатылымы қазіргі нарықтық баға бойынша сату-сатып алу келісімшарты арқылы іске асырылады, - делінген сайтта.
Әуежайдың болашақ иесі үшін бірқатар шарттар тағайындалады. Мысалы:
- сенімгерлік басқару кезеңінде объектінің профилін сақтау;
- сенімгерлік басқару кезеңіне кем дегенде 6,0 млрд теңге инвестиция салу;
- әуежайдан маршруттық желіні дамыту есебінен объект ұсынатын жұмыстар мен қызметтердің көлемін ұлғайту және т.б.
Қазір «Шымкент Әуежайы» АҚ-да 537 адам жұмыс істейді.