Шымкенттің геоақпараттық жүйесі оң қорытынды алды

0
738

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өкілдері мәлімдеді.


Шымкенттің геоақпараттық жүйесі оң қорытынды алды

Шымкент қаласының өңірлік геоақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитетінен оң қорытынды алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Жауапты басқарманың тапсырысымен геоақпараттық жүйені «КАЗГИСА» ЖШС-і әзірлеген. Бірыңғай платформада бірқатар мемлекеттік қызмет қаралған болса, бүгінде оның 6-ы іске қосылған.
«Оpenmap.geo-shym.kz» деп аталатын ақпараттық жүйеге картографиялық қызметті әзірлеу (ашық және кезекші карта), аэрофототүсірілім жүргізу, ортофотожоспар, жерді пайдаланудың бұзылуына мониторинг жүргізу, векторлық карта-схеманы құру және қаладағы нысандардың электронды төлқұжаттары енгізілген.

Ал, Шымкент қаласының аумағына инженерлік желілер бойынша атрибуттық деректерді нақтылау жұмыстарының көрсеткіші 91% құрайды