Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Шымкенттегі бірқатар көшелер мен шағынаудандарда уақытша электр энергиясы өшіріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Әкімдіктің мәліметінше, 31 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін «Нұрсәт» шағынауданындағы №113-120,120а тұрғын үйлерінде «ЭлМо» мердігерлік ұйымының өтінімі бойынша электромонтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты үйлердің электр қуатынынан уақытша ажыратылады.
"Сондай-ақ, «ПССП» ЖШС мердігер ұйымының өтінімі негізінде трансформатор ауыстырылуына байланысты Байтұрсынов, Сапарбаев, Есенин, Мәделі қожа, Перогов, Рысқұлбеков, Кәдеев, Әлімбетов көшелерінде электр энергиясы өшіріледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз", - делінген әкімдік ақпаратында.