Шымкенттің шұлық зауыты «Алтын сапа» сыйлығының иегері атанды

0
2 597

Биыл Шымкенттен «Алтын сапа» сыйлығына қатысуға 6 компания өтініш білдірді


Шымкенттің шұлық зауыты «Алтын сапа» сыйлығының иегері атанды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі онлайн режимде өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ел Президенті өзінің құттықтау сөзінде отандық кәсіпорындар – ұлттық экономиканың терегі, басты күшіне айналғанын айтты. Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістігін айта келе, пандемияға қарамастан отандық кәсіпорындардың экспорттағы үлесінің төмендемегеніне алғысын білдірді.
Жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн қатысты. Онда Шымкент қаласының шұлық шығаратын «Alem BT» мекемесі «АЛТЫН САПА-2020» сыйлығының иегері атанды.

Биыл Шымкенттен «Алтын сапа» сыйлығына қатысуға 6 компания өтініш білдірді. Оның ішінде «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы «Alem BT» ЖШС-не бұйырып отыр.
«Әлем БТ» ЖШС-і - отандық нарықты толық қамтамасыз етуден бөлек, шетелге де өнімдерін экспорттап жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Бұл қазақстандық шұлық-тоқыма зауытының өнімдеріне сұраныс жоғары. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 16 миллион жұп өнімді құрайды. Ерлер, әйелдер мен балаларға арналған 200-ден астам шұлық өнімдерінің ассортиментін шығарады. Кәсіпорын жұмыс істеп тұрған барлық кезеңде 2 млрд.теңгеден астам өнімді ТМД және Еуропа елдеріне экспорттады.
«Алтын сапа» премиясы жыл сайын үздік тауар өндірушілер, қызмет көрсету сапасында жоғары жетістіктерге қол жеткізген кәсіпкерлерге конкурстық негізде беріледі. Аталған байқауда жыл сайын төрт номинация бойынша сыйлықтар тағайындалады. Яғни, әр жылы өндірістік, қызмет көрсету, халыққа тауар ұсынатын, тамақ және ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын ең үздік кәсіпорын иегерлері анықталады.
Айта өту керек, бұған дейін байқауда «Kazmedpribor Holding» ЖШС (2015 ж), «Karlskrona» ЖШС (2016 ж), «Химфарм» АҚ (2016 ж), «Планта» ЖШС (2017 ж), «Азала текстиль» ЖШС (2018 ж) жеңімпаз атанған болатын.