Шымкентте 43 көшеге жарық шамдары орнатылды

0
864

43 көше 87 пайызды құрап, жарықтандыру 30% жанданды


Шымкентте 43 көшеге жарық шамдары орнатылды

Бүгін Жолдау аясында «Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, оларға қолайлы жағдай жасау» бойынша ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов тікелей эфирде бирфинг өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда қала аумағында және шалғай орналасқан тұрғын алаптарда әлеуметтік нысандар орналасқан қосымша 39 көшеге жарық жүйесін орнату және 4 көшеде қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 43 көше 87 пайызды құрап, жарықтандыру 30% жанданған, - дейді басқарма басшысы.
Жолдаудағы экологиялық ахуалды жақсарту жұмыстары бойынша биыл қала аумағында жоспарланған 800 мыңға жуық ағаштың көктем айларында 71 253 данасы отырғызылған. Жыл соңына дейін 1 магистралды коллектордың құрылыс жұмыстары аяқталып, 12 мың халқы бар 5 елді мекенге (Тоғыс, Жыланбұзған, Елтай, Бадам, Маятас) кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік туады.