6 күнінде 1602 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 13 қаңтары мен 13 ақпан аралығында қала аумағында «Таза қала» профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған іс-шараның 6 тәулігінде барлығы 1602 құқық бұзушылық анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша 534 жайт анықталды, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы бойынша -252 жайт. Сондай-ақ, қайыршылық жасап жүрген 175 тұлға анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабымен хаттама толтырылды. Қабылдау-тарату орынына 18 тұлға орналастырылды. Жалға берілетін 1214 пәтер тексерілген. Карантин режимін бұзған 106 нысан анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қолданылды. Ішкі істер органдарының есебінде тұрған 1505 тұлға мекенжайы бойынша тексерілді. Аудандық полиция басқармаларына 1416 тұлға жеткізіліп, қол-саусақ іздері алынды.
Құрылыс қалдықтарын көше бойына жинаған азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған жайт Теріскей мөлтек ауданы Т.Рысқұлов көшесінің бойында орын алған. Әкімшілік аумаққа жауапты Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары құрылыс жүргізіп жатқан нысан иесіне белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды тастамау қажеттігін түсіндірді.