«Сиқырлы арман»: Шымкентте қайырымдылық акциясы өтті

0
601

Ерекше акция балақайлардың арнайы кітапхана оқырмандарына жолдаған жаңа жылдық бейнеқұттықтауын тамашалаумен аяқталды.


«Сиқырлы арман»: Шымкентте қайырымдылық акциясы өтті

Шымкент қаласында заман талабына сай жасақталып, жаңартудан өткен көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Сиқырлы арман» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Акция барысында Аяз ата мен Ақшақар «Ақбота» ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған бөбекжайдың, «Үміт» мектеп-интернатынан және қазақ соқырлар қоғамынан 18 баланың армандары жазылған хаттарын кітапханаға келген қонақтарға жеткізді.
Жаңа жылдық шыршаға ілінген хаттарды қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және бірқатар басқарма басшылары оқып, бүлдіршіндердің азғана болсын арманын орындауға өз үлестерін қосты.
Ерекше балалардың арманын орындау әрбір адамның азаматтық борышы екендігін айтқан үшінші мегаполистің бас дәрігері Б.Позилов: «Маған түскен хаттарда балақайлар ойыншықтар мен мерекелік сыйлық қалайтынын жазыпты. Ал дәрігерлердің жаңа жылдық тілегі – халықтың толық вакциналануы»,- екендігін айтты.
Ерекше акция балақайлардың арнайы кітапхана оқырмандарына жолдаған жаңа жылдық бейнеқұттықтауын тамашалаумен аяқталды.