Түсіндірме жұмыстары «Тамақтандыру индустриясы және сервис» колледжінің студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың өз-өзіне қол жұмсау деңгейін азайту. Күйзелістік жағдайлардың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Айта кетейік, кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін. Ата-ана балаға агрессия көрсетсе, оны шектен тыс мұқатып, ұрып-соқса, бұл да буллинг болып есептеледі. Тіпті кей психолог ата-ана баласының өзгені қорқытып жүргенін байқаса, кінәні өзінен, үйден іздеуге кеңес береді. Агрессия көріп өскен бала оны басқаға бағыттауы мүмкін.
Түсіндірме жұмыстары «Тамақтандыру индустриясы және сервис» колледжінің студенттерінің қатысуымен өткізілді.