"Тамақтануы қиындаған": Шымкентте құтқарушылар бегемоттың азу тісін кесіп берді (видео)

0
788

Енді салмағы 3,5 тоннадан асатын гипоппотам ұзақ емдеу курсынан өтпек.


Шымкент құтқарушылары бегемотқа көмек көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қалалық хайуанаттар бағының әкімшілігі Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің «112» құтқару қызметіне хабарласып, бегемотқа көмек қажет екенін айтқан. Оның төменгі азу тістері өсіп кеткендіктен, тамақтануы қиындаған.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зообақ басшылығының рұқсатымен альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен жануардың жақ сүйегін керіп, гидравликалық кескішті қолдана отырып, кедергі келтірген тістерді кесіп тастады. Енді салмағы 3,5 тоннадан асатын гипоппотам ұзақ емдеу курсынан өтпек.
Айта кетейік, хайуанаттар бағының басшылығы 2019 жылы да құтқарушыларға осындай өтініш жасаған болатын. Ол кезде Тұрсын лақап атымен танымал гиппопотамның азу тістері өсіп тұмсығына кіріп кеткен болатын.