​«TEN QOGAM»: Шымкентте 4 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматқа көмек көрсетілді

0
418

Оның ішінде санаторий-курорттық емделуге 2 099 өтінім қабылданған.


​«TEN QOGAM»: Шымкентте 4 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматқа көмек көрсетілді

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік, құқықтық, жұмысқа орналасу, өз ісін бастауда кәсіпкерлікке баулу, тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды үйрету қызметтерін жүзеге асыратын «Ten qogam» әлеуметтік орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ

«Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін бұл орталық осы жылдың 1 шілдесінде ашылып, бүгінге 4 224 мүмкіндігі шектеулі азаматқа түрлі қызмет көрсетілген. Оның ішінде санаторий-курорттық емделуге 2 099 өтінім қабылданып, 1 783 адамға жолдама берілген. Бір азамат «Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқуға жолданған, 20 адам психологтың көмегіне жүгінсе, 225-і гигиеналық құралдармен қамтылған.
Мүмкіндігі шектеулі жандар орталықта мамандардың көмегімен aleumet.egov.kz порталы арқылы өздеріне тиесілі түрлі әлеуметтік қызметтерге тапсырыс бере алады.
Ерекше қорғалған азаматтар үйден шықпай-ақ электрондық қолтаңбамен http://aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар. Портал арқылы таңдалған тауар азаматтың үйіне жеткізіледі немесе қоймадан өзі алып кете алады.