Төтенше жағдайлар туралы хабарды тез әрі тегін жеткізетін қосымша жұмыс істеп жатыр

0
973

Халық үшін "Дармен" тегін қосымшасын пайдалану ұсынылады.


Төтенше жағдайлар туралы хабарды тез әрі тегін жеткізетін қосымша жұмыс істеп жатыр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүкіл Қазақстан аумағында төтенше жағдайлар туралы ақпаратты дер кезінде жеткізетін қосымша жұыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Бекболатұлы Дербисов баспасөз жиынында айтып берді.

«Қыс мезгілінде синоптиктердің болжамдарын қадағалау және ТЖ департаментінің ұсынымдарын орындау қажет. Ұзақ жол сапарға шықпас бұрын облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы "112" немесе 33-74-84 телефондары арқылы білу қажет. Сондай-ақ, халық үшін "Дармен" тегін қосымшасын пайдалану ұсынылады», - деді департамент бастығы.

Аталған қосымшаның тиімділігі – төтенше жағдайлар туралы хабарламалар нөмірге келетін СМС-хабарламаларға қарағанда тез жетеді.