«Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?»: Шымкенттік оқушылар жүлделі болды

0
601

Байқау барысында қатысушылар туған өлкенің тарихы, мәдениеті, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының принциптері бойынша сұрақтарға жауап беріп, квестке қатысты.


«Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?»: Шымкенттік оқушылар жүлделі болды

Бүгін Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» бөлімі «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқулары байқауының жүлдегерлері мен олардың ұстаздарын марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру бойынша Жол картасын іске асыру мақсатында 5-7 сынып оқушылары арасында өткен болатын. Аймақаралық топтар арасында Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейі мен №135 жалпы орта мектебінің оқушыларынан құралған Шымкент командасы жүлделі үшінші орынды иемденді.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің және «Рухани Жағыру» Қазақстан әлеуметтік даму институтының қолдауымен жеңімпаз-оқушылар 1,2,3,4,5 дәрежелі Дипломдармен, ең құнды кітап- кітап және дәптер үлгісіндегі сыйлықтармен марапатталды.
Байқаудың мақсаты балалардың кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, еліміздің тарихы, географиясы, астрономиясы және мәдени дәстүрлерімен таныстыру, сонымен қатар жас ұрпақ бойында еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және «Рухани жағыру» бағдарламасының идеяларын сіңіру.
Айта кетейік, байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 3 600-ден астам жалпы білім беретін мектептен 37 мыңнан астам орта буын оқушысы қатысты. Байқау процесі өңірлік әкімдіктердің, облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің көмегімен ұйымдастырылды. Байқау барысында қатысушылар туған өлкенің тарихы, мәдениеті, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының принциптері бойынша сұрақтарға жауап беріп, квестке қатысты.