Оның ішінде 221 азаматпен "Отбасы банк" арасында келісім шарт түзіліп, жалдау ақысының 50%-ы мемлекет тарапынан аударылды.
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға жолданған 1400 азаматтың өтінімі мақұлданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 221 азаматпен "Отбасы банк" арасында келісім шарт түзіліп, жалдау ақысының 50%-ы мемлекет тарапынан аударылды.
Осыған байланысты тұрғын үй басқармасы мен “Отбасы банк” өкілдері бірлесе Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесіп, тұрғын үй субсидиясы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бағдарлама талаптарына сәйкес тұрғын үй кезегіне тіркелген 1 және 2 топтағы мүгедектері, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар субсидия алуға өтінішті otbasybank.kz платформасында бере алады.
Өтініш берушінің соңғы 6 айға отбасыдағы адам басына шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (1 КМ = 37 389 теңге). Өтініш беру үшін ЭЦҚ-сы болуы қажет.
Азаматтар субсидиялауға қатысты сұрақтар бойынша Шымкент қ., Бейбітшілік 3 мекен жайында орналасақан “Аманат” партиясының 1-ші қабатындағы “Отбасы банк” кеңесшілеріне жүгіне алады.
Айта кетейік, аталған бағдарлама негізінде республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген соң тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша өтінімі мақұлданған азаматтардың 50 пайыз жалдау ақысы мемлекет тарапынан төленетін болады. Отбасы мүшесінің санына байланысты максималды субсидияланатын сома мемлекет тарапынан бекітілген, ол 85678 теңгеден аспайды. Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша өтінімдер 2022 жылдың 18 сәуірінен бастап қабылданған болатын. Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы берген мәліметке сүйенсек, тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша баспана кезегіндегі 1081 азаматтың өтінімі мақұлданған.