Үшінші мегаполисте күніне орташа есеппен 120 сәби дүниеге келеді

0
741

Өткен жылы 31 445 бала дүниеге келген.


Үшінші мегаполисте күніне орташа есеппен 120 сәби дүниеге келеді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында күніне орташа есеппен 120 сәби дүниеге келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылы Шымкент қаласында 31 445 бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 3 342-ге артқан. Үшінші мегаполисте күніне орташа есеппен 120 сәби дүниеге келеді. Яғни әр он бес минут сайын бір шымкенттік дүние есігін ашады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібайға берген сұхбатында миллионды қаланың бүгінгі демографиялық жағдайына туралы айтқан болатын.

«Өткен жылы дүниеге келген сәбилердің арасында егіздер мен үшемдердің де саны артты. Иә, қала халқы 90-жылдардағы 400 мыңнан қазір бір миллионнан асты. Демографиялық өсім де - ел тәуелсіздігінің жемісі, яғни Шымкенттің әр екінші тұрғыны – тәуелсіздік тумасы. Отыз жыл бұрын қалада 69 мың оқушысы бар 72 мектеп болса, қазір 226 мың оқушы оқитын 186 мектеп бар», - деп атап өтті.