Үшінші мегаполистің жүз мыңға жуық тұрғыны құдықтың суын ішіп отыр

0
1 173

Шымкент қаласы тұрғындарының кәріз жүйесімен қамтамасыз етілу деңгейі 49,1 %-ды құрайды.


Үшінші мегаполистің жүз мыңға жуық тұрғыны құдықтың суын ішіп отыр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 940,23 мың адам ауыз суды тәулік бойы тұрақты алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгінгі өткен Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының баспасөз брифингінде басқарма басшысы Әлі Алтай Сембекұлы айтты. Оның сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта қала тұрғындарының 93 %-ы тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал, қалғаны суды ұңғыма және құдықтан кесте арқылы алып ішеді.


Сондай-ақ, аталған брифингте басқарма басшысы кәріз жүйесі, электр қуаты, табиғи газ және жылумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша да мәлімдеме жасады.

«Шымкент қаласы тұрғындарының кәріз жүйесімен қамтамасыз етілу деңгейі 49,1 % болса, сапалы электр қуатымен қамтылуы 92,1 %-ды құрайды және қалғаны сапасы төмен немесе қосымша жөндеуді талап ететін электр желілерін пайдалануда. Ал, табиғи газбен92 %, яғни 930 мың адам қамтылған», - деді Алтай Сембекұлы.


Сонымен қатар, Әлі Алтай алдағы маусымда шымкенттіктерді 1 жылуэнергоорталық, 10 автономдық жылу қазандық пен 15 сорғы станса және 3 бойлер жылумен қамтамасыз ететінін жеткізді.