5 қадамнан тұратын сайысқа Шымкент қаласының белсенді жастары қатыса алады.
«Үздік жастар премиясы» – ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік қолдау, дарынды жастарды дамыту мақсатында қолға алынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтсақ, 5 қадамнан тұратын сайысқа Шымкент қаласының белсенді жастары қатыса алады:
1-қадам (20.11.2019): Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы құжаттардың қабылдау басталғанын хабарлау;
2-қадам (21.11-4.12.2019) тиісті құжаттарды қабылдау:
- Куәлік;
- Анкета;
- Өмірбаян;
- Ұсынылым хаты;
- Фото 10х15;
- Марапаттау қағаздары;
- Кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың көшірмесі;
- Портфолио.
3-қадам (5.12-12.12.2019): Құжат тапсырған қатысушылардың фотосуреттері мен өздері туралы анықтама Instagram әлеуметтік желісінде @resusrtyq_ortalyq парақшасына жарияланады. Жарияланған пост бойынша кемінде 200 онлайн лүпіл жинау;
4-қадам (13.12-17.12.2019): Pecha-kucha форматында үміткерлердің өзін-өзі таныстыруы;
5-қадам (18.12-19.12.2019): Барлық кезеңдер бойынша комиссия мүшелерінің қорытынды отырысы өтетін болады.
Дарынды жастар мынандай номинациялар бойынша марапатталады:
1. «Үздік мұғалім»;
2. «Үздік ЖОО студенті»;
3. «Үздік ОАОО студенті»;
4. «Үздік мектеп оқушысы»;
5. «Үздік жастар комитеті»;
6. «Үздік студенттік өзін-өзі басқару ұйымы»;
7. «Үздік жазба ақын»;
8. «Үздік айтыскер ақын»;
9. «Үздік жазушы»;
10. «Үздік суретші»;
11. «Үздік спортшы»;
12. «Үздік пікір-сайысшы»;
13. «Үздік киім дизайнері»;
14. «Үздік қолөнерші»;
15. «Үздік Start UP жоба»;
16. «Үздік IT жоба»;
17. «Үздік шығармашылық ұжым»;
18. «Үздік журналист»;
19. «Үздік фотограф»;
20. «Үздік дәрігер»;
21. «Үздік құқық қорғаушы»;
22. «Үздік мемлекеттік қызметкер»;
23. «Үздік волонтер»;
24. «Үздік жастар жобасы»;
25. «Үздік кәсіпкер»;
26. «Бейбіт өмір батыры»;
27. «Үздік жас өндіріс маманы»;
28. «Үздік қоғамдық ұйым».
Толығырақ: +7-775-124-63-65 (Динара)