Көрмеде шеберлер қала жастарына шеберлік сабағын өткізді.
«Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде «Зергерлік – мол мұра» қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Көрмеде ұмыт болған салт-дәстүріміз қайта жаңғырып, ата-бабаларымыздан қалған мұра дәріптелді.
Жәрмеңкеде күмістен жасалған әшекейлерден бөлек, ұлттық бұйымдарды да кездестіруге болады. Көрмеде шеберлер қала жастарына шеберлік сабағын өткізді. Атап айтатын болақ, зергерлер әшекей заттар мен киіз, ши тоқудың техникасымен бөлісті.
Сонымен қоса, көрмеге елімізге танымал қолөнершілер Бейісбековтер отбасы қатысты. Әулеттің үлкені Болатбек ағаштан ою ойса, ұлы Берік – былғары шебері. Жары Күләш Өсерқызының қолынан шыққан жүннен жасалынған бұйымдар шетелдіктердің сұранысына ие. Жалпы бұл отбасы – қазақ өнерінің жанашырлары.