Жаңа қаулы: Шымкентте бассейндердің жұмысына рұқсат берілді

0
542

Шымкент қаласы "сары" аймақта.


Жаңа қаулы: Шымкентте бассейндердің жұмысына рұқсат берілді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында карантиндік шектеу шараларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылды.

"Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы» Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 мамырдағы № 15 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін" деп бекітілген.

«Ashyq» жобасына қатысатын субъектілер қызметін «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы»» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 мамырдағы №22 қаулысына сәйкес атқарады.

Жаңа қаулыға сәйкес, сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша) қалыпты режимде жұмыс жасайды. Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, және гипермаркеттер өз жұмысын қалыпты режимде атқарады. Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер қалыпты режимде жұмыс атқаратын болады.

Моншалар, сауналар, СПА-орталықтар мен бассейндер қалыпты режимде жұмыс атқарады. Спорт кешендері, спорттық- сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтары да қалыпты режимде жұмыс жасайды.

Цирктер, балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары, аттракциондар) жұмысына тыйым салынады. Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге рұқсат берілмейді.

Айта кетейік Шымкент қаласы "сары" аймақта.