Республикалық челлендж бен 800-ден аса жастарға ононимді сауалнамалар жүргізілген.
Шымкентте «Жаңа өмір» жобасы аясында пробация есебінде тұрған 700-ден астам жасқа психологиялық көмек көрсетілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық- коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Кеуенова Мөлдір Тұрсынбекқызы айтты.
Оның айтуынша, жастар арасында психо-профилактикалық жұмыстар атқару барысында келеңсіз жағдайға тап болған жастарға психологиялық қолдау көрсету бағытында 152 іс-шара ұйымдастырылып, 54 950 жуық жас қамтылған.
Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында, Маргиналды жастарға «Жаңа өмір» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында пробация есебінде тұрған 700-ден астам жастармен айына бір рет жеке психологиялық көмек көрсетіліп, әлеуметтік зеттеулер жүргізіліп, семинар-тренингтер және кіші футболдан турнир ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталған.
Сонымен қатар, «Жастар арасында суицидке жол бермеуді насихаттау жөніндегі іс-шаралар кешені», «Қиын өмірлік жағдайларға тап болған жастар мен жасөспірімдерге жеке психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру» жобалары жүзеге асырылған. Бұл бағытта жыл соңына дейін шамамен 58 000 жасты қамту жоспарланған.
Сонымен қатар, жастар арасында құмар ойындарының зияндығын насихаттау мақсатында «Құмар ойынға құмартпа», «Құмарсыз қоғам», «Лудомания-қоғам дерті», «Құмар ойын әдет емес, дерт» тақырыптарында ЖОО және ОАОО-мен мектеп қабырғаларында 35 семинар-тренингтер өткізіліп, 2600-ден аса жас қамтылса, Сондай-ақ, Республикалық челлендж бен 800-ден аса жастарға ононимді сауалнамалар жүргізілген.
Кеуенова Мөлдір Тұрсынбекқызының айтуынша, мұндай тақырып аясындағы кездесулер мен семинар-тренингтер жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.