ЖОЛДАУ: Шымкент Механикалық зауытының қызметкерлерімен кездесу өтті

0
575

Жиында мемлекет басшысының Жолдау бағыттары түсіндірілді.


ЖОЛДАУ: Шымкент Механикалық зауытының қызметкерлерімен кездесу өтті

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты «Шымкент Механикалық Зауыты» ЖШС ұжымының қызметкерлерімен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында мемлекет басшысының Жолдау бағыттары түсіндірілді. Аталған кездесуге «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Н.Анарбеков, және кәсіпорын жұмысшылары қатысты.

Кездесу барысында «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы Жолдаудағы басым бағыттарды, мемлекеттік басқару саласы, жаңа экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа өзгерістерді атап берді. Сонымен қатар, ендігі ретте қайта өңдеу өндірісі, адами капиталды дамыту, саналы ұрпақ тәрбиелеуге назар аудару қажеттігін айтып, өз ойларымен бөлісті.

- Қазір нарық заманы. Әр адам өзін дамытып, бәсекеге қабілетті болса ғана, жетістікке жетеді. Бүгінде кәсіппен айналысуға, өз кәсібіңді дөңгелетіп табыс табуға барлық мүмкіндік бар. Президент Жолдауының өн бойы экономикалық мәселелерге арналған. Халықтың әл-ауқатын көтеру, барынша халыққа жағдай жасау көзделіп отыр. Ұлт қуатты болса, ұлт сапасын жақсарта алсақ, қоғам орнықты дамиды, – деді Н.Анарбеков

Айта кетейік, Шымкентте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында кәсіпкерлікті, оның ішінде туризмді дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті.

Басқосуға мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Сатқанбаев, қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров және туризм саласының өкілдері қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында елде, қоғамда орын алатын ауқымды саяси-экономикалық өзгерістердің басым бағыттарын айтып берді. Бұл маңызды құжат жазда Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты өткен жалпы халықтық референдумның жалғасы іспетті. Мемлекет басшысы сол референдумда ұсынылған өзгерістердің негізінде елде саяси реформалар жүргізіп келеді. Оның ішінде әділетті Қазақстан қалай құрылады? Ол үшін мемлекеттік басқару жүйесін өзгерту қажет. Соның бір көрінісі – алдағы 20 қарашада ел президентінің кезектен тыс сайлауы. Әділетті Қазақстанды құру жолында әр қазақстандық қалыс қалмауы қажет. Халық өзінің талап-тілегі заң аясында жеткізіп, іске асыруда шеттен тыс қалмауы керек, – деді Еркін Тұрниязұлы.

Ал, туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров Шымкент қаласының инвестициялық әлеуеті мен туризм саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тоқталды. Кәсіпкерлерге ақпарат берді.