ЖОЛДАУ: Шымкентте еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасып жатыр

0
494

Аталған кездесуге Шымкент университетінің кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Қуатбек Қалықұлов та қатысып, жұмысшылардың сауалдарына жауап берді.


ЖОЛДАУ: Шымкентте еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасып жатыр

Бүгін Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «АГФ групп» өндірістік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тігін фабрикасында жұмысшылардың қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру жөніндегі кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған көптеген міндеттер айқындалды. Өз мамандығым дәрігер болғандықтан, денсаулық сақтау саласына қатысты жаңалықтарға ерекше назар аудардым. Отандық медицинаның орнықты дамып келе жатқанын Шымкент қаласынан-ақ байқауға болады. Осыдан 5-6 жыл бұрын қалада 10 емхана халыққа қызмет көрсетсе, қазір емханалардың саны 42-ге жетіп отыр. Дәрігерлерге түсетін жүктеменің азаюы — медициналық қызметтің сапасының жақсаруына себеп болуда. Сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері медициналық қызметтің көптеген түрлерін тегін пайдаланып келеміз. Президент Жолдауда Үкіметке отандық медицинаны қаржыландыру жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде тапсырма берді. Бұлхалықтың денсаулығын сақтауға оң ықпал ететіні сөзсіз, - деді Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Тахирбек Нышанбаев.

Аталған кездесуге Шымкент университетінің кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Қуатбек Қалықұлов та қатысып, жұмысшылардың сауалдарына жауап берді.

Сонымен қоса, Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Шымкент Кашемир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен де кездесу өтті.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – мемлекеттілікті одан әрі нығайтуды, азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіруді және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін маңызды құжат. Онда Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының басым бағыттары айқындалған. Жаңа экономикалық саясаттың негізгі мәні – ұлттық байлықтың игілігін барлық азаматтар көре алатындай әділетті экономикалық жүйе құру. Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын еліміздегі балалардың есепшотына аудару туралы бастама – сол саясаттың жарқын көріністерінің бірі. Бұл саясат әлеуметтік әділеттіліктің орнауына және қанағатшыл орта таптың үлкен шоғыры қалыптасуына әсер етеді, - дейді Қ.Қалықұлов.