«Жүректен-жүрекке»: Шымкентте қайырымдылық акциясы өтті

0
3 154

Акция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып өткізілді.


«Жүректен-жүрекке»: Шымкентте қайырымдылық акциясы өтті

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттің бас дәрігері, халық қалаулысы Мәдина Ермаханбетова тұл жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арнап «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Медицина қызметкері жеткіншектерге мерекелік дастархан жайып, ата-аналарына азық-түлік таратты. Акция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып өткізілді.

Мадина Сейфуллақызы жайған мерекелік дастарханға үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналары да шақырылды. Жалпы қайырымдылық шарасына 100-ге жуық бала қатысты. Оларға түрлі сыйлықтар тарту етілді. Кеш барысында балғындар театрландырған көрініс тамашалап, ән айтып, би биледі.
- Балаларға қамқорлық көрсетуді мақсат еткен акция аясында олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырғымыз келді. Жеткіншектерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулуға үлес қоссақ деген ой болды,- дейді Мадина Ермағанбетова.
Айта кетейік, қалалық гипербариялық оттектеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетованың бастамасымен «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы жыл сайын ұйымдастыралады.