Жыл басынан бері 425 көпбалалы ана алтын мен күмістен алқа тақты

0
1 095

Жыл сайын «Алтын алқа» наградасы жеті және одан артық баланы, ал «Күміс алқа» алты бала тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі.


Жыл басынан бері 425 көпбалалы ана алтын мен күмістен алқа тақты

Шымкент қаласында бүгінгі таңда 2299 «Алтын алқа», 7515 «Күміс алқа» иегерлері бар. ҚР Президентінің Жарлығымен олардың қатары биыл тағы да толықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мегаполисте жыл басынан бері 425 көпбалалы ана алтын мен күмістен алқа тақты. Оның ішінде 81-і «Алтын алқа», 344-і «Күміс алқа» иегері атанды.

Жыл сайын «Алтын алқа» наградасы жеті және одан артық баланы, ал «Күміс алқа» алты бала тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі.
Одан бөлек, қалада 373 «Батыр ана», 591 ана І,ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегері мен 4 және 5 баласы бар 43 046 көп балалы ана бар.
Жалпы өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген алтын құрсақты 11 мыңға жуық анаға 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 5 АЕК (15 315 тг) көлемінде бір реттік сыйақы төленді.