17 алтын жүлде: Қазақстан «Азия балалары» ойындарында 107 медаль алды

0
905

Жүлде алған барлық спортшы көрермендер алдында шеруде сап түзеп, көпшілік ықыласына бөленді.


17 алтын жүлде: Қазақстан «Азия балалары» ойындарында 107 медаль алды

ERNUR.KZ. Ресейдің Якутск жеріндегі «Туймаада» стадионында VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Жүлде алған барлық спортшы көрермендер алдында шеруде сап түзеп, көпшілік ықыласына бөленді.

Кешті құрметті қонақтар қатарында осы ойындардың түлегі, VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының бас төрешісі Мерей Ақшалов, сондай-ақ бірнеше мәрте аталған жарысқа еліміздің делегациясын бастап келген Мәлік Сапашев тамашалады.

Қазақстан құрамасы «Азия балалары» ойындарында 17 алтын, 31 күміс, 59 қола (барлығы 107) медальмен жалпыкомандалық есепте 7-орынға тұрақтады.