Аида Тойшыбекова самбодан әлем чемпионы атанды

0
852

​Қазақ қызы әлем чемпионы атанды.


Аида Тойшыбекова самбодан әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Грекияның Салоники қаласында самбодан дүниежүзілік дода өтті. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы жарыстың соңғы күні 10 салмақтағы үздіктер анықталды, деп жазады 24.kz.

Нәтижесінде қоржынға бір алтын түсті. 80 келіден жоғарғылар арасында қазақстандық Аида Тойшыбекова қарсылас шақ келтірмеді.

Ол жартылай финалда украиналық, ал финалда ресейлік спортшыдан басым түсті. Соңғы жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталды. Ал ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық Алмас Уәли финалға шығып, шешуші сында ресейлік спортшыға есе жіберді.

Сонымен 3 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс және 11 қола жеңіп алып, жалпы есепте үздік үштікті түйіндеді. Топ басында Ресей мен Өзбекстан спортшылары.