Сондерс рингке шығып, Головкинмен "Барыс Аренада" жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Супер орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс Нұр-Сұлтандағы бокс кешіне келді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Жекпе-жектердің бірі аяқталғаннан кейін Сондерс рингке шақырылды, ол қысқаша сөз сөйледі. Атап айтқанда, британдық экс-әлем чемпионы Геннадий Головкинмен әлі де жұдырықтасқысы келетінін жария етті.
"Қазақстандық жанкүйерлерге жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтамын. Мен осында, "Барыс Аренада" Головкинмен жұдырықтасқым келеді! Бұл тамаша жекпе-жек болады, осы мүмкіндікті пайдаланып, онымен осында, Қазақстанда кездессем деймін", — деп мәлімдеді Сондерс.
Ол жақында Фрэнк Уорренмен және командасымен бірге бір үстелдің басына отырып, мәселені шешетінін атап өтті.
"Қайталап айтамын: Головкин сені жекпе-жекке шақырамын, сенімен "Барыс Аренада" кездескім келеді! Қазақстанның фанаттары керемет, олар бұл жекпе-жекті көруге лайықты!", — деп түйіндеді әлем чемпионы.