Анна Данилина Астанадағы турнирдің финалына шықты

0
542

Қазақстандық-белоруссиялық жұп үш сетке созылған тартысты матчта 4:6, 6:1, 10:5 есебімен жеңіске жетті.


Анна Данилина Астанадағы турнирдің финалына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық Анна Данилина 3 наурызда жұптық сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour BeeTV 40 Women's турнирінің финалына шықты, деп жазадыZakon.kz.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина белоруссиялық Ирина Шимановичпен бірге жартылай финалда нидерландылықтар Ясмин Гимбрере - Бибиана Схоофспен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-белоруссиялық жұп үш сетке созылған тартысты матчта 4:6, 6:1, 10:5 есебімен жеңіске жетті.

Анна мен Ирина финалда доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань - Су Джон Чанмен бас жүлдені сарапқа салады. Анна Данилина ойыннан кейінгі сұхбатында ертеңгі кездесуде бұл жылдағы алғашқы титулға қол жеткізу үшін бар шеберліктерін салатынын жеткізді.