​«Астана» Чехия командасымен тең ойнады

0
1 164

Елордалықтар сапында 11-ші минутта Кабананганың пасынан соң Педро Энрике шабуылды голмен аяқтап таразы басын теңестіріп кетті.


​«Астана» Чехия командасымен тең ойнады

Футболдан Еуропа лигасының 3-ші тур матчтары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«К» тобынан орын алған Қазақстан чемпионы «Астана» сырт алаңда Чехияның «Яблонец» ұжымына қарсы ойын өткізді. Матчта алаң қожайындарының мүмкіндігі жоғары бағаланған болса да, отандастарымыз гол соғып ұпаймен оралды.

Кездесудегі алғашқы гол жылдам соғылды. 4-ші минутта чехиялықтардың шабуылын Якуб Повозанец сәтті аяқтап, «Астана» қақпашысын қапы қалдырды. Алайда, олардың қуанышы бар- жоғы 7 минутқа жалғасты. Елордалықтар сапында 11-ші минутта Кабананганың пасынан соң Педро Энрике шабуылды голмен аяқтап таразы басын теңестіріп кетті, есеп – 1:1.

Қалған минуттарда қос команданың футболшыларында гол соғу мүмкіндігі болса да, қақпаларға гол соғылмады. Осылайша матч 1:1 есебімен аяқталып, қос команда бір ұпайдан алды. Топтағы екінші ойында Киевтің «Динамосы» Францияда «Ренн» ұжымын 2:1 есебімен жеңіп, ұпайлар санын 5 ге жеткізіп, «Астанамен» көш бастады.

N

Команда

О

Ж

Т

Ж

Д-А

Ұ

1

АСТАНА

3

1

2

0

5-3

5

2

ДИНАМО К

3

1

2

0

6-5

5

3

РЕНН

3

1

0

2

3-5

3

4

ЯБЛОНЕЦ

3

0

2

1

4-5

2