Астана қаласы мен Түркicтан облысы құрамаларының жасөспiрiм кикбоксшылары 10 салмақта кіл мықтыны анықтады
ERNUR.KZ Түркiстан облысындағы Астана күндерi спорттық iс-шарамен де жалғасты деп хабарлайды, ERNUR.KZ тілшісі.
Атап айтсақ, Шымкенттегі "Қажымұқан" стадионындағы шаршы алаңда кикбокстан 2002-2003 жылы туған жасөспiрiмдер арасындағы жолдастық кездесу ұйымдастырылды.
Астана қаласы мен Түркicтан облысы құрамаларының жасөспiрiм кикбоксшылары 10 салмақта кіл мықтыны анықтап, жалпы есепте екi құрама 5:5 есебiмен тең түстi.
Айта кетейік, қос команданың сапында ел чемпионатының жеңiмпаздары, халықаралық турнирлердiң жүлдегерлерi бар..
Астана командасының жаттықтырушысы Мұрат Мұстафин: «Біз ақылдаса келе кикбокс спортынан жолдастық кездесудi Оңтүстiктiң өрендерiне қарсы өткiзудi жөн көрдік», - дейді.
Сондай-ақ, алдағы уақытта да осындай жолдастық кездесулері жиі өткізіліп тұрады дейді ұйымдастырушылар.