​Әуесқой футбол лигасы жалғасуда

0
1 926

40 жастан асқан ардагерлер арасындағы ойындарды «Айжарық» пен «FC Dostar» командалары бастап берді.


​Әуесқой футбол лигасы жалғасуда

Дәстүрлі тәрізде апта сайын өтіп келе жатқан әуесқой футбол лигасының 2 – айналымының 8 – тур матчтары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кездесу тартысты өтіп, онда турнир кестесінде жоғары үштікте келе жатқан «Айжарық» ұжымы 5:2 есебімен басым түсті. Ал, «А-дем-академия» мен «Ардагер» командаларының ойынында жеңімпаз екінші таймның соңында анықталды. Қос команда футболшылары бір – бірінің қақпаларына жылдам гол соғуға тырысты. Бірақ, тәжірибе бабынба басым болған «А-дем-академия» аяқдопшылары қиыншылықпен жеңісті тартып алды есеп – 3:2.

Бұл турда «Нұрсәт» пен «Толағай» командалары кездесті. Өткен турларда «Толағай» футболшылары қарсыластарын жеңіп келе жатқаны үшін де айтулы ойында жеңіске жетеді деген болжамдар айтылды. Бірақ, жасыл алаңда барлығы өзгеше болып шықты. Турнир кестесінде төменгі қатарда келе жатқан «Нұрсәт» футболшылары 5:4 есебімен жеңіске жетіп, баршаны таң қалдырды.

Турдың өзге ойындарының нәтижелері мынадай:

«Достық Сарыағаш» - «Болашақ» - 7:3, «Сайрам» - «Экатон» - 5:4, «Атакент» - «Искра» - 3:3, «Палуандар» - «Шымқала» - 2:4