Қазақстандық ауыр атлет 102 келі салмақта сынға түсті.
ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшы Рахат Бекболат жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алды, деп жазады ҚазАқпарат.
Дүбірлі дода Сауд Арабиясының Джидда қаласында 3 және 12 қазан аралығында өткізілуде. Қазақстандық ауыр атлет 102 келі салмақта сынға түсті.
Қоссайыстың қорытындысында Рахат 355 келіні бағындырды. (155+200) Одан кейінгі орындарға түркиялық Танер Чаглар (152+185) мен ирактық Аммар Рубайави Али (149+185 қол жеткізді.
Рахат Бекболат 2004 жылы 14 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң жəне техникалық колледжінің студенті. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. Жастар арасында ҚР құрама команда мүшесі.
Айта кетейік, ол 2019 жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында жəне Ташкентте өткен өткен Азия, Лас-Вегастағы әлем чемпионаттарында алтын медальдарды иеленген болатын. Ол 16 жасында Əлем рекордын орнатып, Азияның «үздік спортшысы» номинациясының иегері атанған.