Қазақстандық мергендер Италияда топ жарды

0
1 142

Бұл жарыста қазақстандық мергендер 2 медаль жеңіп алды – 1 алтын және 1 қола.


Қазақстандық мергендер Италияда топ жарды

ERNUR.KZ 2018 жылғы 1-15 мамыр аралығында Италияның Тодиқаласында Стенд атудан Emir Cup Nations Grand-prix Shotgun халықаралық турнир өтті деп хабарлайды - ERNUR.KZ тілшісі. Додаға 20 дан астам елден 250 тарта спортшы қатысты.

Бұл жарыста қазақстандық мергендер 2 медаль жеңіп алды – 1 алтын және 1 қола. Дубль-трап жаттығуында финалдық сайыста 113 ұпаймен Анастасия Давыдова (ОҚО) алтыннан алқа тақты. Отандасымыз алаң иелері Клаудия Де-Лучию (111 ұпай) мен София Литтаме (104 ұпай) италиялық спортшыларын әлде қайда артта қалдырды.

Скит жаттығуында командалық есепте Асем Орынбай(Алматы), Анастасия Молчанова(Алматы), Ольга Панарина(ОҚО) 340 ұпаймен қола медалін құрама команда қоржынына салды.

Алтынды Ресей Федерациясы қыздары – Анастасия Крахмалева, Алина Файзулина, Альбина Шакировалар (353 ұпай) иеленсе, күмісті алаң илері италиялық мерген спортшылар - Катиучиа Спада, Чиара Кайнеро, Симона Скочеттилер (343 ұпай) жеңіп алды.