Азиада-2023: Қазақстан құрамасы екінші алтынға қол жеткізді

0
737

Отандасымыз 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен озып кетті.


Азиада-2023: Қазақстан құрамасы екінші алтынға қол жеткізді

ERNUR.KZ. Азия ойындарында 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухра Ирназарова чемпион атанып, еліміздің қоржынына екінші алтын жүлдені салды, деп жазады ulysmedia.kz.

Отандасымыз 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен озып кетті.

Бұл – Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль.

Кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған стенд атудан Қазақстанның әйелдер командасы «скит» жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, рекорд жаңартқан.

«Керемет нәтиже! Зухраны кез келген спортшы үшін маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл ол үшін соңғы жетістік емес екеніне сенімдімін», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.