Азиада: Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде түсті

0
584

10 метрден пневматикалық винтовкадан оқу атудан аралас командалық сайыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлде иеленді.


Азиада: Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде түсті

ERNUR.KZ. Бүгін Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан кезекті медаль жеңіп алды, деп жазады baq.kz.

10 метрден пневматикалық винтовкадан оқу атудан аралас командалық сайыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлде иеленді.

Үшінші орын үшін өткен бәсекеде біздің мергендеріміз Иран командасын 17:11 есебімен ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншадан Азиаданың қола медалін жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы 3 медаль жеңіп алған еді.