Азия чемпионатында қазақстандық гимнастшылар екі күміс жүлдеге ие болды

0
705

Өзбекстан құрамасы бірінші, Қытай командасы үшінші орында.


Азия чемпионатында қазақстандық гимнастшылар екі күміс жүлдеге ие болды

ERNUR.KZ. Филиппин астанасы Манилада көркем гимнастикадан жекелей және командалық көпсайыс бәсекелері аяқталды. Қазақстаннан барған гимнастшылар қос күмісті қанжығаға байлады, деп жазады zakon.kz.

Жекелей сында Эльжана Таниева күміске ие болды. Алтын медаль Өзбекстан, қола жүлде Қытай спортшысына бұйырды. Біздің тағы бір гимнастымыз Айбота Ертайқызы 5-орын иеленді.

Командалық сайыста Эльжана Таниева, Айбота Ертайқызы және Милана Парфилова жекелей өнер көрсетіп, ал Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Кәдір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева және Ақсұңқар Әбдірахман топтық жаттығуларда бақ сынап, екі нәтижені қосқанда Қазақстан құрамасы тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

Өзбекстан құрамасы бірінші, Қытай командасы үшінші орында.