Әзірге Қазақстан дзюдошылары 1 күміс, 3 қола жүлде алып берді.
ERNUR.KZ. Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар ұлттық құрама қоржынына қола медаль салды, деп жазады zakon.kz.
Дзюдодан 81 келіде өнер көрсеткен Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Мусо Собировтан басым түсті.
Әзірге Қазақстан дзюдошылары 1 күміс, 3 қола жүлде алып берді.
48 келі салмақта отандасымыз алтын медаль үшін таласта үш дүркін әлем чемпоны, 2018 жылғы Джакатадағы Азия ойындарының жеңімпазы жапондық Натсуми Тсунодоға жол беріп алды.