​Бәйдібекте облыстық турнир өтті

0
1 497

Жас палуандардың бойынан жеңіске деген қайсарлық, жігерлілік, құштарлық байқалады.


​Бәйдібекте облыстық турнир өтті

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы Бәйменов атындағы жалпы орта мектепте белгілі кәсіпкер Ахмет Біржанов атындағы еркін күрестен дәстүрлі облыстық турнир биыл 10-шы рет өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы турнирдің ашылуына "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков пен Бәйдібек аудандық көркем-сәулет музейінің директоры Бақытжан Байсары арнайы қатысып, тілегін айтып, турнирді салтанатты түрде ашып берді. Турнирге кәсіпкер-демеуші Ахмет Біржановтың өзі де қатысып, жастарға тілегін айтты.

Жас палуандардың бойынан жеңіске деген қайсарлық, жігерлілік, құштарлық байқалады.

Жарыс соңында 25 келі салмақта Шымкенттен келген палуан Сүндет Әлімбай, 27 және 42 келі салмақта Бәйдібек ауданының Қаратас ауылынан келген спортшылар Алшора Бексұлтан мен Шардарбек Нұрболат, 30 және 34 келі салмақта Шалдар елдімекенінен қатысқан Мадияр Дәулет пен Сайын Мейрамхан, 38 келі салмақта Тұрақты ауылының палуаны Алтынбек Нұрлыбайлар бірінші орынды иеленді. Екпінді елдімекенінің екі палуаны Мәдеш Дінмұхаммед пен Төремұрат Бақтияр 25 келі және 42 келі салмақта ІІ-ші және ІІІ-ші орыннан көрінді.

Жарыс жоғары дәрежеде өтті. Жас палуандар күрестің үлгілерін көрсетіп, жеңімпаздар тиісті дәрежеде марапатталды.